5 мамыр күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 5 мамыр күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

5 мамыр күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

9.00-де «Қазмедиа» орталығында «Bala time» балалар-жасөспірімдер шығармашылық студиясының хоры және Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледж ұландары өнер көрсетеді.

14.00-де ҚР Ұлттық музейінде суретші Алпысбай Қазғұловқа арналған мерейтойлық дөңгелек үстел және суретшінің «Көктемгі самғау» көрмесі өтеді.

15.00-де «Казгидромет» ғимаратында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі ұлттық парктер мен қорықтар қызметі туралы БАҚ өкілдеріне брифинг өткізеді.

16.00-де Конгресс-орталықта Мемлекет басшысы, ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Бүкілармиялық кеңес өтеді.

18.00-де «Алматы» ауданының 25 жылдық мерейтойы құрметіне мерекелік концерт ұйымдастырылады.

19.00-де Жастар театрында «Өмір - ғайып» мелодрамасы қойылады.

19.30-да Астана балет театрында «Жібек жолы» балеті қойылады.

19.30-да Барыс Арена мұз сарайында QAZAQSTAN HOCKEY OPEN 2023 шарасы өтеді.