5 мамырда Қазақстан аумағын антициклон басады - ауа райы болжамы

Республиканың солтүстік және шығыс бөлігі ғана атмосфералық ағындар ықпалында болып, ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауады, жел күшейеді, найзағай ойнауы күтіледі.
Ақмола, Павлодар, күндіз Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с-ке жетеді.
Қостанай облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшеюі күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, желдің күші 15-20 м/с, түнде және таңертең тұман түседі.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында күндіз кей жерлерде найзағай ойнап, желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Таяудағы екі тәулікте Алматы облысының тау беткейлеріндегі өзендерінде жаңбырлы болуына байланысты кейбір өзендерде ағын ұлғайып, су тасқыны болуы күтілуде. Республиканың оңтүстігіндегі және шығысындағы өзендерде су деңгейі құбылады. Атырау облысының шегінде Жайық өзенінде, Есіл өзенінің Ресеймен шекаралас бөлігінде көктемгі су тасқынының одан әрі өрістеуі жалғасады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысында су тасқыны болатыны ескертілген болатын.