5 мамырда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 5 мамыр күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

5 мамырда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де ҚР Парламенті Сенатының отырысы басталады.

10.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Азаматтарға арналған үкімет» - мемлекеттік қызметтердің бірыңғай провайдері» атты баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдин. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

12.30-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде

«Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне және басқа санаттағы азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Руслан Сәкеев. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

16.00-де елордалық Достық үйінің конференция залында Нұр-Сұлтан қаласының ҚХА құрылымдарының «Референдум – уақыт талабы» тақырыбында бірлескен отырысы өтеді. Отырысқа Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, Ғылыми-сараптама тобы және елордалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысады.

19.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында «Ұйқым келмейді» драмасы көрсетіледі.