5 млн.-ға жуық итальяндық кедейшілікте өмір сүруде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресми статистикаға сәйкес қажетті тауарлар мен қызметтерді алуға мүмкіндігі келмейтін итальяндықтардың үлесі 2007 жылдан 2012 жылға дейінгі аралықта 2,3 пайызға көбейді, деп хабарлады ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі.

5 млн.-ға жуық итальяндық кедейшілікте өмір сүруде

Бұл туралы итальяндық парламенттің палатасындағы тыңдау барысында Ұлттық статистика институтының президенті Антонио Голини мәлім етті Әңгіме жалпы санның 6,8 пайызын құрайтын 1.72 миллион отбасы туралы болып отыр.

«Елдің бүкіл аумағында кедей отбасылардың саны өсіп отырғаны байқалады. Оған бірінші кезекте үш және одан да көп балалы отбасылар жатады», - деп атап өтті Голини. Аталған кезеңде кәмелетке толмаған балалары бар отбасылардың арасында кедейшіліктегілердің үлесі 10,9 пайыздан 17,1 пайызға дейін өскен.