5 млн теңге пара алған: Алматыдағы жұқпалы аурулар орталығының басшысы қамауға алынды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қазақ дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығының басшысы мен оның орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Антикор
Фото: Видеодан алынған кадр

«Олар медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасасқаны үшін халықаралық жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының басшысынан 5 млн теңге сомасында пара алу бойынша күдікке ілінді.

Соттың санкциясымен орталықтың басшысы қамауға алынды», — деп жазды Антикордан.

Тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Соңғы жаңалықтар