5 мың пациент стационарда емделуде – Денсаулық мнистрлігі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 7 ақпандағы мәлімет бойынша, 27 107 адам короновирус инфекциясынан (16 616 КВИ+ және 10 491 КВИ-) емделуде. Бұл туралы ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Олардың ішінде 5 771 пациент стационарда, 21 336 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 269 адамның жағдайы ауыр;
• 48 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 42 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.