Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

5 мың төлем терминалының қожайындары Beeline ұялы байланыс операторының есеп-шотын толықтыру қызметін көрсетуден бас тартпақ

АЛМАТЫ. 11 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстанда 8 мыңнан астам төлем терминалдары бар. Енді оның 5 мыңының қожайындары 16 маусымнан бастап Beeline ұялы байланыс операторының есеп-шотын толықтыру қызметін көрсетуден бас тартпақ.

5 мың төлем терминалының қожайындары Beeline ұялы байланыс операторының есеп-шотын толықтыру қызметін көрсетуден бас тартпақ

Бұл жайлы бүгін Алматыда өткізілген баспасөз мәслихатында мәлім болды.

«QIWI төлем жүйесі басшылығынан Beeline Қазақстан компаниясының 16 маусымнан бастап Бірлескен жедел төлемдер жүйесі (ОСМП) компаниясына төленетін сыйақы мөлшерін едәуір қысқартатыны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл терминал қожайындарына төлемдерді жинағаны үшін ақы төленбейді деген сөз. Ал, қосымша шығын терминал иелері мен Beeline абоненттерінің мойнына түседі», - дейді «Уникум Қазақстан» компаниясының бас директоры Бейбіт Асанбаев. Оның айтуынша, бұл іс жүзінде байланыс операторы абоненттерінен алынатын комиссия мөлшері шамамен 2 пайыз қымбаттайды дегенді білдіреді. Мысалы, бұрын 1000 теңге төлеген кезде 50 теңге көлемінде стандартты комиссия алынып келген болса, 16 маусымынан бастап ол орта есеппен 70 теңгеге дейін көбеймек. Сондықтан олар оператордың ай сайынғы сыйақыны 3 пайыздан 0,5 пайызға дейін төмендету туралы шешіміне осылайша наразылық білдіруге бел буған.