5 мың үйрек көлік қозғалысына кедергі келтірді

АСТАНА. 20 маусым. ҚазАқпарат - Қытайдың шығысындағы Чжэцзян провинциясында 5 мыңға жуық үйрек жол бойына шығып, көлік қатынасына әжептеуір кедергі келтірді.

5 мың үйрек көлік қозғалысына кедергі келтірді

Қазақстан ұлттық арнасының хабарлауынша,  5 мыңға жуық үйрек жол бойына  шығып, көлік қатынасына әжептеуір кедергі келтірді. Жергілікті фермерлер құстарды бір ауылдан екінші ауылға көшірмек болыпты. Жетекші шаруаның айтуынша, қоныс аудару кезінде бірде-бір үйрек жоғалмады. Ал, құстардың  ортасында қалған жергілікті тұрғындар әдеттен тыс, күнде бола бермейтін ерекше көріністің куәгерлері болғандарына дән риза болып отыр.