5 наурыз. Жылнама
Kazinform оқырман назарына 5 наурызға арналған атаулы күндер мен есте қалар оқиғалар күнтізбесін ұсынады.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
1996 жылы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театры «Ақан сері-Ақтоқты» пьесасының (режиссер Ж. Омаров) қойылымымен ашылды. Сол жылы театрға Ш. Құсайыновтың есімі берілді. Театрдың алғашқы көркемдік жетекшісі, бас директоры - М.Оспанов.
2010 жылы Жапонияның ғылыми-технологиялар орталығы болып есептелетін Хоккайдо аралында орналасқан Саппоро қаласында Қазақстан Республикасы Құрметті консулдығының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
2010 жылы Брюссельде ҚР Елшілігі мен Еуропалық халықаралық қатынастар институты «Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы» тақырыбында конференция өткізді.
2011 жылы Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан әйелдерінің съезі өтті. Съезді ҚР Президенті жанындағы әйелдер ісі және отбасылық-демография саясаты Ұлттық комиссиясы ұйымдастырды.
2012 жылы Астанада Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы Біріккен халықаралық комиссия (ағыл. Joint Commission International, қысқаша JCI) ресми тұжырымын алды. Бұл посткеңестік кеңістікте осындай мәртебелі дәрежеге жеткен алғашқы клиника. Әлемде JCI аккредитациясынан өткен 300-ге жуық медициналық мекеме бар.
2012 жылы Швейцарияның Женева қаласында Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі бойынша келіссөздер өтті.2013 жылы Қазақстан мен Жетісу өңірінің танымал жерлерін көруге мүмкіндік беретін бірегей туристік маршрут ашылды.
2013 жылы «Жетісудың Алтын сақинасы» бірегей туристік бағыты ашылды. Қазақстанның және Алматы облысының барлық танымал туристік көрікті жерлерін – Әнші барқан, «Алтын Емел» ұлттық табиғи паркіндегі Ақтау және Қатутау таулары, Шарын шатқалы, Көлсай көлдері және қайталанбас әсем Қайыңды көлін тамашалауға арналған ең жақсы тур.
2014 жылы қазақстандық паралимпиадашылар Ресейдің Сочи қаласында өткен «Қысқы Паралимпиада - 2014» ойындарына еліміздің спорт тарихында алғаш рет алты жолдама жеңіп алды.
2018 жылы Бішкек қаласында өткен грэмплингтен Азия Чемпионатында Қазақстан Республикасының құрамасы 30-дан астам медаль (12 алтын, 12 күміс және 9 қола) еншілеп, жалпы есепте бірінші орын алды. Чемпионат алғаш рет Олимпиада ережелері бойынша (грек-рим күресі және еркін күрес) өткен.
2020 жылы Халықаралық әйелдер экономикалық форумы (ӘЭФ) аясында танымал қазақстандық журналист және фильм продюсері Ақмарал Баталова «Ерекше артықшылығы бар әйел» номинациясында марапатқа ұсынылды.Журналист бұл марапатқа Сирия Араб Республикасындағы гуманитарлық дағдарысты объективті түрде көрсеткені және Қазақстанның халықаралық аренада бітімгершілік рөлін танымал еткені үшін ие болды.
2022 жылы Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры түркі халықтарының сан ғасырлық мәдениеті мен тарихын дәріптеу мақсатында «Үш Озан бірге» (озан – ақын-әнші) жаңа жобасы аясында түркі әлемінің үш ақыны – Жүніс Әміре, Ашық Алескер және Жамбыл Жабаевтың мерейтойына байланысты пошта маркаларын шығарды.Маркалар дизайнын әзербайжандық суретші Орхан Гараев жасаған, онда ақындардың портреттері бейнеленген.
2023 жылы Лас-Вегаста (АҚШ) UFC 285 аралас жекпе-жек турнирі аясында Шавкат Рахмонов пен Джефф Нил арасында жартылай орта салмақтағы жекпе-жек өтті, онда сәттілік Номад жағында болды, ол мансапта 17 мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Шавкат Рахмонов үшінші раундта қарсыласын тұншықтырып жеңді. Қазақстандық файтер өзінің кәсіби мансабында он жетінші жеңіске жетті.
2024 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев «Айқын» және «Литер» газеттерінің ұжымын айтулы дата – алғашқы санының шыққанына 20 жыл толуымен құттықтады. Салыстырмалы түрде қысқа мерзім ішінде басылым өзіндік ерекше стилін қалыптастырып, қалың оқырманның лайықты бағасын алды. Мағыналы басылымдар мен қызықты жобалар арқылы газет елде болып жатқан оқиғаларды азаматтарға жеткізіп қана қоймай, қоғамдағы өзекті мәселелерді де көтеріп келеді. «Литер» газетінің ұжымына арнаған құттықтауында Тоқаев газеттің ресейлік журналистиканың үздік дәстүрлерін сақтай отырып, қарқынды дамуын жалғастыратынына сенім білдірді. Мемлекет басшысы басылым ұжымына бақ-береке, табыс және шығармашылық ұзақ ғұмыр тіледі.
2024 жылы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Ресей Федерациясына ресми сапары аясында Қазан қаласында болып, Татарстан Республикасының Раисы Рустам Миннихановпен және Татарстан Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Фарид Мухаметшинмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастық, жоғары технологиялар саласындағы ынтымақтастықты кеңейту және т.б. мәселелер талқыланды. Кездесу соңында Татарстанның Раисы Қазақстан басшылығының Бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына шақыруын ризашылықпен қабылдады.