5 наурызда елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 5 наурыз күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
НҰР-СҰЛТАН
9.00-ден 14.00-ге дейін Ұлттық ғылыми онкология орталығының клиникалық-диагностикалық орталығында жатыр мойны обыры мен ісік алды ауруларын ерте анықтау бойынша Ашық есік күні өтеді.
16.00-де ParkInn қонақүйінде PaperLab зерттеу орталығы «Жаңа Қазақстандағы» экономикалық бағыт: әлеуметтік бұрылыс па, популизм бе?» тақырыбында пікірталас өткізеді.
19.00-де Астана Балет театрында «Astana Ballet Gala» концерттік бағдарламасы көрсетіледі.
19.00-де «Астана» концерт залында «Жан Анам» концерттік кеші өтеді.
19.00-де «Жастар» театрында «Күйеу бала» қойылымының премьерасы болады.