5 облыс әкімінің орынбасары сенатор болғысы келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 5 облыс әкімінің орынбасары сенатор болғысы келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

ҚР Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, ҚР Парламенті Сенаты депутаттығына 52 кандидат тіркелген. Тіркелген кандидаттар тізімінде қазіргі 4 сенатор бар. Олар: Алматы облысынан Н.Қылышбаев, Қостанай облысынан Ж.Нұрғалиев, Қызылорда облысынан М.Бахтиярұлы, Маңғыстау облысынан Б.Шелпеков.

Мұнан бөлек, Парламент Мәжілісінің экс-депутаты Д.Нүкетаева, әйгілі грек-рим палуаны Шәміл Серіковтің баласы Тимур Серіков, мәслихат хатшылары А.Баймулдинов (Шығыс Қазақстан облысынан), Р.Әбдікеров (Қарағанды облысынан), Е.Әжікенов (Қызылорда облысынан) сенаторлыққа үміткерлер тізіміне еніп отыр. Мұнан бөлек, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстары әкімдерінің орынбасарлары: Д.Әділбеков, М.Жұмағазиев, Г.Дүйсембаев, Д.Мусин, А.Нұралиев, Орал қаласының әкімі Н.Төреғалиев, СҚО-ның бұрынғы әкімі Е.Сұлтанов та сенатор болғысы келеді.

Айта кетерлігі, бүгіннен бастап Сенат депутаттығына тіркелген кандидаттардың барлығы 27 маусым күнгі 00.00-сағатқа дейін созылатын сайлау алдындағы үгітке кірісу мүмкіндігіне ие. Барлық кандидаттарға  үгіт жұмысын жүргізу үшін бірдей жағдайларға кепілдік берілген. Үгіт науқаны барысында сайлау заңнамасы нормаларының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Ортсайлауком, облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары БАҚ мониторингін жүзеге асыратын болады.

Соңғы жаңалықтар