5 реформа жарияланған сәттен бастап бұл бағыттағы жұмыстардың берік іргетасы қалануда - саясаттанушы
АСТАНА. ҚазАқпарат - 5 институционалдық реформа жарияланғаннан бері бұл бағыттағы жұмыстар берік іргетасының негізінде жүзеге асып келеді, деп есептейді саясаттанушы Жақсылық Сәбитов.
«Жаңғырту бойынша ұлттық комиссия Елбасын ұлықтау рәсімінен кейінгі күні құрылғанын атап кеткен жөн. Бұл Президенттің 5 институционалдық реформаны жүзеге асыруға белсене кіріскенін аңғартады. Ұлықтау рәсімінде Мемлекет басшысы әлем елдеріне экономикалық та, қауіпсіздік те тұрғысынан жағымсыз ықпалын тигізіп отырған 5 сыртқы сын-қатерді атады. Оларға қарсы тұру үшін тиісті шаралар қабылдау қажет», - деп санайды сарапшы.
Жаңғырту бойынша ұлттық комиссияның миссиясы 5 реформаның кезең-кезеңмен жүзеге асуын, мемлекеттік органдардың, бизнес-сектор мен азаматтық қоғамдастық қызметін үйлестіруді басқару болып табылады, деп еске салды Ж.Сәбитов. «Елбасының реформаларын жүзеге асыруда барлық мемлекеттік, қоғамдық және бизнес-құрылымдар қамтылды. Мемлекеттік құрылымның 100 нақты қадамы белгіленген жоспар құрылатынын атап өту керек. Жарияланғаннан бастап барлық жұмыс берік іргетас сияқты қаланып, жүзеге асып келеді», - деді саясаттанушы.