5 сәуір күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 5 сәуір күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
None

9.00-да ЭКСПО көрмесінде BUSINESS TECHNOLOGY EXPO 2023 көрмесі аясында «Жаңа Қазақстан» бизнес форумы өтеді.

9.30-да Әкімшілік полиция басқармасында «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» жедел-алдын алу шарасы шеңберінде автошеру басталады.

10.00-де Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.

11.00-де Паралимпиадалық жаттығу орталығында «Қазақстан Швейцария-Америка колледжі» техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беруді ұйымдастыру және дамыту мәселелері бойынша ақпараттық-кәсіптік бағдар беру кездесуін өткізеді.

11.00-деАстана қаласы коммуникациялар қызметінде «Елорда музейлерінің қызметі туралы» онлайн брифинг өтеді. Спикер: Бірлескен мұражайлар дирекциясы директорының орынбасары Самат Тергембаев. Онлайн баспасөз конференциясы «Астана қаласы коммуникациялар қызметінің» Facеbook-тегі және Instagram-дағы ресми парақшаларында тікелей эфирде өтеді.

14.30-да Сенаттың Қаржы және бюджет комитеті ішкі жолаушылар авиатасымалымен байланысты проблемалы мәселелерді талқылайды.

15.30-даҚР Ұлттық академиялық кітапханасында жас ғалымдарға арналған«Қазақстанның интернет әдебиеті: негізгі көркемдік бағыттар» атты жобасы аясында «Заманауи Қазақстан әдебиеті» атты семинар өтеді.

18.00-деЖастар театрында Талаптан Ахметжанның «Таптым. Ғашық болдым. Жоғалттым» мюзиклі көрсетіледі.

19.00-де «Жастар» сарайында «Ұлы дала мұрасы» концерті өтеді.


Соңғы жаңалықтар