5 сәуір күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 5 сәуір күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолуды ұсынады.

5 сәуір күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу

АСТАНА

11.00-де ҚР Ұлттық музейінде жастардың жазушы және қоғам қайраткері Мырзагелді Кемелмен кездесуі өтеді.

11.00-де «Нұр Отан» Орталық аппаратының ғимаратында (Қонаев көшесі, 12/1, мәслихат залы) 1995 жылдың 7 сәуірінде тәжік-ауған шекарасында 17 сарбаздың мерт болған күніне арналған еске алу шарасы өтеді.

11.00-де Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінде елдегі су тасқыны жағдайы мен төтенше оқиғалардың алдын алу мен салдарын жою бойынша қабылданатын шаралар туралы брифинг өтеді. Спикер: Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы, генерал-майор Владимир Беккер.

11.20-да «Үкімет үйінде» Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығын дамыту департаменті директорының орынбасары Ерболат Әбілхатиннің және «Атамекен» ҰКП Мемлекеттік тілдегі бизнес-коммуникацияны дамыту департаментінің директоры Бауыржан Оразғалиевтің  қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді. Тақырыбы: «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру аясында микронесиелеуді кеңейту туралы».

14.30-да  Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-да «Жаңа Салық кодексін жүзеге асыру аясында салық есебін ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

15.00-де елорда әкімдігінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен Астана қаласының алдағы даму мәселелері туралы жиналыс өтеді.

15.00-де «Асыл Тау» бизнес-орталығында «Қытай Халық Республикасымен шекаралас аймақтағы ауыл шаруашылығына арналған жер телімдерін рейдерлік басып алу әрекеті»тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

15.50-де - Мемлекеттік кірістер комитетінде брифинг өтеді.

АЛМАТЫ

11.00-де «Ғылым ордасы» РММ-де Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Төртінші революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өтеді. 

11.00-де ҚР Ұлттық кімапханасында Үкіметтік емес ұйымдар арасындағы әлеуметтік идеялар мен жобалар байқауының үшінші кезеңі өтеді.

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

15.00-де Өскеменде А. С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада халық әндерін орындаушы, әнші Әміре Қашаубаевтың туғанына 130 жыл толуына орай ұйымдастырылған әдеби-музыкалық кеш өтеді.

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

Өңірлік коммуникациялар қызметі Оңтүстік Қазақстан облысында (Ордабасы ауданындағы «Рамазан Агро» ЖШС-нің егіс алаңында) ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі және «ҚазАгро» Холдингі өкілдерінің қатысуымен Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі егін егу науқанының басталуына  арналған көшпелі баспасөз мәслихатын ұйымдастырады.  Спикерлер:  ҚР АШМ Егіншілік департаменті директорының орынбасары Әкпар МӘУЛЕНОВжәне«Аграрлық несиелік корпорация» АҚ Басқарма Төрағасы Нармұхан САРЫБАЕВ.

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

15:00-де Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Көкшетау қалалық сотының  2018 жылдың бірінші тоқсанындағы жұмыс нәтижелері мен медиация туралы» брифинг өтеді. Оған Көкшетау қалалық сотының төрағасы Р.Б. Шакуанов, Көкшетау қалалық сотының судьясы Д.М.Байниязов,  Көкшетау қалалық сотының судьясы И.Қ. Кәкім қатысады.

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ

11.00-де Ақтөбедегі "Мәңгілік алау" мемориалды кешені ескерткіші жанында Сталинградты қорғауда жанқиярлық пен ерлік көрсеткен батырларды еске алу шарасы өтеді.

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

11.00-де Өңірлік коммуникациялар қызметінде БҚО білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова «Облыстық білім беру жүйесінің дамуы туралы» брифинг өткізеді.

11.50-де БҚО тілдерді дамыту басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева «Тілдерді дамыту саласындағы өзекті мәселелер туралы» баспасөз мәслихатына қатысады.

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ

15:00-де Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде Амангелді Имановтың 145 жылдығына арналған көрме ашылады. Көрмеде Қазақстан және Украина халық суретшілерінің графикалық жұмыстары қойылмақ. Шараға 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне қатысушылардың ұрпақтары қатысады деп күтілуде.

 

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ

10.00-де Қызылорда қаласында А.Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде "Бозторғай" ХХ облыстық конкурсы басталады. Конкурс 5-8 сәуір аралығында дәстүрлі орындау, аспаптық орындау, көркемсөз оқу, хореграфия жанрлары бойынша өткізіледі.