5 сәуірде Қазақстанның батысында күшті жауын-шашын болады

Республиканың батысында, солтүстік-батысында атмосфералық ағындардың өтуімен жауын шашын болады, ол кейбір аудандарда күшейе түседі. Кей жерлерде тұман түседі, жел күшейеді.
Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді.
Атырау облысында кей жерлерде тұман түседі, күндіз кей жерлерде күшті жауын-шашын (негізінен жаңбыр түрінде) болады, желдің күші 15-20 м/с.
Қостанай облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, күндіз кей жерлерде желдің екпіні 18 м/с-қа жетеді.
Ақмола, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі.