5 сәуір. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 5 сәуір күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР
52 жыл бұрын (1972) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Серікбайқызы ЕСМАҒАМБЕТОВА дүниеге келді.

1997 жылы Алматы мемлекеттік медициналық институтын гигиена, санитария, эпидемиология» мамандығы бойынша бітірген. 2018 жылы Инновациялық Еуразия университеті және Management marketing university оқу орнын тәмамдаған. «Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша жоғары біліктілік санатқа ие.
Еңбек жолы: 1990-1991 жылдары Алматы қаласындағы №7 емхананың дәрігер-фельдшері, 1997-2004 жылдары Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияның эпидемиологы, бактериолог, аса қауіпті инфекциялар зертханасының меңгерушісі, 2004-2013 жылдары жетекші маман, бас маман, сарапшы, бас сарапшы, құқықтық және кадр жұмысы бөлімінің бастығы, Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті төрағасының орынбасары - Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары болып қызмет атқарған. 2013-2014 жылдары Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрайымы, ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері, 2014-2017 жылдары эпидемиологиялық қадағалау департаментінің директоры - тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінде ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары, ҚР Ұлттық экономика министрлігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіндегі эпидемиологиялық қадағалау департаментінің бастығы – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары, 2017 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Стратегиялық даму және қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің директоры, 2017-2020 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаментінің директоры, 2020 жылы ҚР Мемлекеттік бас санитарлық дәрігері, 2020-2022 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы лауазымын атқарған.
Қазіргі қызметін 2022 жылдың ақпанынан бастап атқарып келеді.
46 жыл бұрын (1978) Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Мұратұлы СҮЛЕЙМЕНОВ дүниеге келді.

2000 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «әлеуметтік саладағы экономика және менеджмент» мамандығы бойынша аяқтаған. 2002 жылы Мериленд университетін (АҚШ) бітірген, «қаржы және маркетинг» мамандығы бойынша бизнес магистрі. 2006 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «құқықтану» мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолы: 1999-2000 жылдары Павлодар қаласы №3 отбасылық-дәрігерлік амбулаториясында экономист-менеджер, 2002-2006 жылдары Алматы қаласында «Эрнст энд Янг Қазақстан» аудиторлық компаниясында аға консультант, 2006-2009 жылдары «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Салық есебі және салықтық жоспарлау департаментінің директоры, 2009-2010 жылдары ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, 2010-2012 жылдары ҚР Экономикалық даму және сауда вице-министрі, 2012-2016 жылдары Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржылық саясат жөніндегі Алқа мүшесі (министр), 2016-2019 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрі лауазымын атқарған. 2019 жылы ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары (2019), сол жылы ҚР Президентінің көмекшісі, 2019-2022 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметінде болды. 2022-2023 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметінде болды.
Қазіргі лауазымын 2023 жылдың қыркүйегінен бері атқарып келеді.
«Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін», тағы басқа медальдармен марапатталған.
41 жыл бұрын (1983) Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ерік Тәлләбекұлы МҰСАБАЕВ дүниеге келді.
Ақмола облысы Ақкөл қаласында дүниеге келген. 2000 жылы Астана қаласының Ақмола мемлекеттік медицина академиясына, емдеу ісі факультетіне оқуға түсті. 2004 жылы Алматы қаласындағы С.Д. Асфендияров атындағы Қазақстан ұлттық медицина университетіне ауысты. 2007 жылы емдеу ісі мамандығы бойынша бітірді. 2008 жылы Астана қаласының Медицина Университеті базасында хирургия бойынша интернатураны бітірді.
Еңбек жолы: 2008 жылдан бастап "Қостанай облыстық ауруханасында хирург дәрігері болып қызмет атқарған. 2010-2012 жылдары Денисовка аудандық орталық аурухананда хирург дәрігері, 2011 жылдан бастап онколог дәрігер болып жұмыс істеді. 2012-2013 жылдары Жамбыл облыстық ауруханасында хирург дәрігері, 2013-2014 жылдары Жуалы аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің емдеу бөлімі бойынша орынбасары, 2014-2015 жылдары Шымкент қаласының "Амбулаториялық хирургия, травматология және гинекология орталығы" хирург-дәрігері болып жұмыс істеді.
2015-2017 жылдары "Қазығұрт орталық аудандық ауруханасы" бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары, 2017-2018 жылдары Тараз қаласының "№9 қалалық емхана" ішкі аудит және сапаны бақылау бойынша бас дәрігердің орынбасары, 2018 жылы Тараз қаласы "Жамбыл облыстық консультативтік-диагностикалық медициналық орталығы" Ішкі аудит және сапаны бақылау қызметінің басшысы, 2019 жылы Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, "Ордабасы аудандық орталық аурухана" бас дәрігерінің емдеу работе жөніндегі орынбасары, 2019 жылы Тараз қаласы "Садыхан Облыстық консультативтік диагностикалық медициналық орталығы" бас дәрігері болып жұмыс істеді. 2020-2023 жылдары «Байзақ аудандық орталық аурухана», бас дәрігерінің ұйымдастыру-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары қызметінде болды.
Қазіргі лауазымын 2023 жылдың сәуір айынан бастап атқарып келеді.
37 жыл бұрын (1987) ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Қайратұлы ТҰРЛЫБАЕВ дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысында туған
2008 жылы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын «Экономика» мамандығы бойынша, 2013 жылы Сеул Ұлттық Университетін «Бизнес және басқару» мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолы: 2008-2011 жылдары ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Инвестициялық саясат департаменті Инвестициялық саясат басқармасының сарапшысы , бас сарапшысы болып жұмыс істеді. 2011-2016 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігі Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаменті Мемлекет міндеттемелерін басқару саясат басқару басқармасының бас сарапшысы, басшысы, 2016-2020 жылдары Павлодар облысы әкімінің аппараты Павлодар облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы, 2020-2021 жылдары Павлодар облысы әкімінің аппараты Павлодар облысы қаржы басқармасының басшысы, 2021-2022 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Хатшылығының инспекторы, 2022-2023 жылдары ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары қызметінде болды.
Қазіргі қызметін 2023 жылғы 17 қарашадан бастап атқарып келеді.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
87 жыл бұрын (1936-2020) – Қазақстанның тіл ғылымы саласындағы әйгілі академик Өмірзақ АЙТБАЕВ дүниеге келген.

Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан ауданында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) тәмамдаған.
Еңбек жолы: 1959-1962 жылдары «Социалистік Қазақстан» газетінің әдеби қызметкері, 1962-1999 жылдары Қазақстан Ғылым академиясы Тіл білімі институтының кіші, аға, бас ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі, 1995-1996 жылдары Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикақ институтының профессоры, 1997-1998 жылдары Қ.А. Яссауи Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры болып қызмет атқарған. 1999 жылдан «Қайнар» университетінің қазақ тілі және әдебиет факультетінің, филология факультетінің деканы, ҚР Білім және ғылым министрлігі Тіл білімі институтының Терминологиялық орталықтың директоры қызметтерін атқарған. 1989 жылы «Қазақ тілі» халықаралық қоғамның вице-президенті болып сайланып, 1996 жылы бірінші президенті, 2004 жылы президенті болды.
«Құрмет», «Парасат» ордендерімен марапатталған.