5 шілде күні Астананың 16 жылдығы мерекесі аясында өтетін іс-шаралардың кестесі
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА 5 шілде - сенбі күні Астананың 16 жылдығы мерекесіне орай ұйымдастырылатын іс-шаралар кестесін оқырмандар назарына ұсынады:
9:00. Шығыс базары. «Шапағат» СО көлік тұрағы.
10:00. Тұңғыш қалалық саябақтар фестивалі. «Студенттер» саябағы, «Жерұйық» саябағы, Орталық саябақ, Ғашықтар саябағы.
10:30. Бұқаралық шеру және «Шуақты қала» атты мерекелік концерт («Тәуекел толқыны» спорттық демалысы). «Қазақ Елі» монументінің алдындағы алаң.
11:00. «Сахнадан сәлем!» Халықаралық театр фестивалі. Оқушылар сарайы
11:00. «Astana Cup» үстел теннис марафоны. «Алау» мұзайдыны сарайы.
11:00. «Шаттық» жас таланттар фестивалі. «Бәйтерек» монументінің алаңы.
11:00. «Мыңжылдықтар тоғысындағы Астана» көшпелілер өркениетінің фестивалі. «Хан Шатыр» СОО маңындағы алаң.
11:00. «Астана Шаттық» автокеруені. "Көктал" тұрғын үй алабы, "Железнодорожный" тұрғын үй алабы, "Мичурино" тұрғын үй алабы, "Өндіріс" тұрғын үй алабы, "Пригородный" тұрғын үй алабы.
11:00. Аспаздық фестивалі. Қалалық алаң.
12:00. «Астана аспаны» әуе жыландар фестивалі. Есіл өзенінің жағалауы (Ақбұлақ ш/а маңайы).
14:00. «Астана самалы» үрмелі аспаптар оркестрлерінің халықаралық фестивалі. Қалалық алаң.
15:00. «Аялаған Астана» республикалық байқауының гала-концерті. «Астана Медиа» орталығы.
16:00. Мейрамбек Бесбаевтың шығармашылық кеші. «Қазақстан» орталық концерт залы
16:00. «Сахнадан сәлем!» Халықаралық театр фестивалі. М.Горький атындағы орыс драма театры.
16:00. «Азия жаңғырығы» цирк өнерінің халықаралық фестивалі. Астаналық цирк.
17:00. Халықаралық «Magic Astana» - «Сиқырлы Астана» иллюзионистер фестивалі. Бейбітшілік және Келісім сарайы.
17:30. «Астана-Арқау» түркі музыкасының фестивалі. Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы.
19:00. «Ән жүрегім - Астана» гала-концерті. Конгресс-холл.
19:00. Анна Нетребконың қатысуымен «La Scala» театрының гала концерті. «Астана опера» опера және балет театры.
19:00. Опера әлем жұлдыздары «Опералия» халықаралық фестивалінде. Тәуелсіздік сарайы.
19:00. "International Street Dance Session in Astana" көше биі халықаралық фестивалі. Қалалық алаң.