5 шілде. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат 5 шілдеге арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

5 шілде. Туған күн иелері

ЕСІМДЕР

61 жыл бұрын (1958) VI шақырылымдағы ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Шәкір Құсайынұлы ХАХАЗОВ дүниеге келген.

Алматы облысы Жаркент қаласында туған. C. М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік универитетін «Механика» мамандығы бойынша, Алматы халық шаруашылық институтын «Халық шаруашылығын жоспарлау» мамандығы бойынша, Л. Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль -жол академиясын «Көлік құрылысы» мамандығы бойынша және Д. А. Қонаев атындағы көлік және құқық гуманитарлық университетін «Көпірлер мен тоннельдер» мамандығы бойынша бітіріп шықты.

Еңбек жолын 1980 жылы Талдықорған облысы Панфилов қаласында Луначарский атындағы орта мектепте математика пәнінен мұғалім болып бастаған.

1980-1985 жылдары - ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы, қорғаныс-бұқаралық нұсқаушысы және спорттық жұмыстар бөлімінің басқарушысы, Панфилов аудандық комсомол комитетінде басқарушы.

1985-1987 жылдары «Казремстройбыт» басқарушысы. 1987-1990 жылдары коммунистік партияның Панфилов аудандық комитетінің нұсқаушысы.

1990-1991 жылдары коммунистік партияның Панфилов аудандық комитетінің партия комиссиясының төрағасы. 1991-1997 жылдары «Панфиловколхозстрой» кірпіш зауыты тресінің директоры.

1997-2002 жылдары - «ZAAIR» ЖШС (құрылыс фирмасы) директоры. 2002-2004 жылдары «Ай-Би» ЖШС (құрылыс фирмасы) директоры, 2004 жылдың ақпанынан қарашаға дейін өндірістік «АлматыГорРемСтрой- Контракт» ЖШС директорының орынбасары.

2004-2016 жылдары «ОСК- Стройсервис» ЖШС бас директоры. 2016 жылдың 24 наурызынан Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан Парламент Мәжілісінің депутаты болып бекітілді.

2009 жылы «Қазақстанның құрметті құрылысшысы» атағын иеленді.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен: «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл», «Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалі, «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» медальдарымен марапатталды.

Мінсіз еңбегі үшін«INSAM» алтын медаліне, қайырымдылық жұмыстары үшін «Сауап» медаліне және ҚР Президентінің алғыс хатына ие болған. «Құрмет» орденінің кавалері, II дәрежелі «Достық» орденінің кавалері.