5 шілде. Тұлғалар туған күн

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін, 5 шілде тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

42 жыл бұрын (1981) ҚР Сыртқы істер министрі кеңсесінің басшысы Әсет Ибраимұлы БАЙСЫНОВ дүниеге келді.

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша (2002), ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын (мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі) (2006), «Болашақ» бағдарламасы бойынша Дьюк университетін (АҚШ) (халықаралық даму саясаты магистрі) (2015) бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолы: ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы (2002-2003); ҚР Білім және ғылым министрлігі Халықаралық ынтымақтастық басқармасының жетекші маманы (2003-2004); ҚР Ішкі істер министрлігінің инспекторы (2004-2006); ҚР Қоршаған орта министрлігі заңнаманы реформалау және құқықтық сараптама бөлімінің басшысы (2006-2007); ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Мемлекеттік қызмет және кадр жұмысы бөлімінің бас сарапшысы (2007-2009); Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары (2009-2011); ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті форсайт және жоспарлау басқармасының басшысы (2011-2012); ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігін іріктеу және жылжыту мониторингі секторының меңгерушісі (2012-2015); Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары (2015-2016); ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ғылыми-технологиялық даму департаментінің директоры (2017-2019); ҚР Сыртқы істер министрі Кеңсесінің меңгерушісі. Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі болған.

Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың мамырынан.

29 жыл бұрын (1994) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Ғалымұлы ТАМАБЕК дүниеге келді.

Жамбыл облысында туған. Жоғары бизнес мектебін бітірген – Луис Ұлттық университеті, WSB-NLU, Польша, менеджмент (2015); Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, мемлекеттік және жергілікті басқару (2019).

Еңбек жолы: «Дәке Барлау» ЖШС кадрлар бөлімінің инспекторы, Алматы қаласы (2011 ж.), сарапшы; ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің персоналды басқару және құжаттамалық қамтамасыз ету қызметінің басшысы; ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің Кадрлық жұмыс және құжат айналымы қызметінің басшысы; ҚР Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің персоналды басқару және құжаттамалық қамтамасыз ету қызметінің басшысы; ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Адам ресурстарын басқару департаменті Адам ресурстары басқармасының бас сарапшысы (2019-2020), бөлім басшысы; Жамбыл облысы әкімдігінің жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының бас мемлекеттік инспекторы (2020-2022); ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті Жамбыл облысы бойынша жер ресурстарын басқару басқармасының басшысы, Жерді пайдалану және қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы (02.2022-04.2022).

2022 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі қызметінде.


Соңғы жаңалықтар