5 шілдеден бері 4,3 мың карантин бұзу фактісі тіркелген

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін өткен коронавирус мәселелері жөніндегі жедел штаб отырысында карантин талаптарын бұзу фактілері сөз болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

5 шілдеден бері 4,3 мың карантин бұзу фактісі тіркелген

Жиында Ішкі істер министрлігі биылғы 5 шілдеден бастап карантинді бұзудың 4,3 мың фактісі анықталғанын баяндады. Бұл ретте Павлодар, Қызылорда, Қостанай, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында оларды анықтау бойынша жұмыстың жеткіліксіздігі атап өтілді.

Сондай-ақ, жедел штаб азаматтардың санитарлық және маска режимін сақтау мәселелеріне ерекше назар аударды.

Айта кетейік, бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен COVID-19 мәселелері жөніндегі жедел штабтың отырысы өтіп, онда мемлекеттік органдардың коронавируспен күресте атқарып жатқан жұмысы тыңдалды.

Сонымен қатар жиында коронавируспен күресте жұмысты әлсіретіп алған өңірлер аталған еді.