5 тонна асыл тас жасырылған қойма табылды

АСТАНА. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ресейдің Калининград облысында полиция қызметкерлері жалпы құны 1 млрд. рубльге тең 5 тоннадан астам янтарь жасырылған қойма тапты. Бұл туралы Утро.ру РМ ІІМ Өңірлік басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
None
None

«Полиция қызметкерлері Янтарный елді мекеніндегі үйлердің бірінде орналасқан янтарь өңдейтін цехті тексеру барысында кірер есігі цементтелген жертөле тауып алды. Аталған қоймадан жалпы салмағы 510 келі болатын 227 қапшыққа салынған янтарь шықты. Табылған тастар арасында салмағы 1,5 келіге жететін бірегей янтарьлар да бар. Мамандардың бағалауынша, мұндай сирек кездесетін ірі бағалы тастардың құны шамамен 100 мың долларға жетіп жығылады», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар