5 жасар қазақстандық гимнастшы халықаралық турнирде топ жарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 5 жасар астаналық Илігай Темірболат көркем гимнастикадан 1-халықаралық «OLYMPICO CUP 2014» турнирінде топ жарып, олимпиада чемпионы Юлия Барсукова атындағы сыйлықтың иегері атанды.
None
None

30 мамыр мен 1 маусым аралығында Мәскеуде өткен сайыста жерлесіміз өзімен жасты 16 қатысушының ішінен ең мықтысы екенін дәлелдеді (жиған ұпайы 9,77).

Спорттың бұл түрімен бүлдіршін қыз 4 жасынан айналысуда. Жалпы турнирде Ресейден, Қазақстаннан, Қырғызстаннан, Өзбекстаннан және алыс шетелдерден 234 спортшы бақ сынады.

Соңғы жаңалықтар