5 жасар Райан Жұмағали Азия біріншілігінің қола жүлдегері атанды

  АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақтың бес жасар қаршадай қызы Райан Жұмағали шахматтан Қытайда өткен Азия біріншілігінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

5 жасар Райан Жұмағали Азия біріншілігінің қола жүлдегері атанды

Қытайдың Паньцзин қаласында өткен Азия чемпионатына 22 елден 300 шахматшы қатысты. Мектеп оқушылары арасындағы құрлықтық біріншілікте отандасымыз 7 жасқа дейінгі балалар арасында бақ сынап, үздік үштікке кіріп, болашағынан зор үміт күттіретін спортшыларымыздың қатарынан көрінді.