5 жастағы қыз 7-ші қабаттан құлап, аман қалды
АСТАНА. 16 қаңтар. ҚазАқпарат - Мәскеуде көпқабатты тұрғын үйдің 7-ші қабатынан құлаған 5 жасар қыз тірі қалды. Бұл туралы Утро. ру газеті хабарлады.
Оқиға Старопименовск қиылысындағы 13-ші үйде орын алған. Кішкентай қыз 7-ші қабаттан құлдилаған күйі 6-шы қабатта ілініп тұрған торға құлап түскен. 5 жастағы қыз ми шайқалу диагнозымен ауруханаға жеткізілді.