5 жасында шашын ерiксiз қидырды

АСТАНА. 27 наурыз. ҚазАқпарат - "Британиялық Лиэнн Смит ұлы Риннiң шашын туғаннан берi бiрде-бiр рет алмаған" деп жазады Daily Mail интернет-газетi.

5 жасында шашын ерiксiз қидырды

Риннiң бұйра сары шашы әкесi Нил Картердiң шашына ұқсаған екен. Жас келiн­шектiң баласының шашын қидырмауының себебi осында болса керек.

5 жасар Риннiң шашы белiнен төмен едi және ол бұрым оған еш кедергi келтiрмейтiн. Бар бәле мектепке барғанда басталыпты. Сыныптастары Риндi қызға ұқсағаны үшiн келеке ете бастайды. Тiптi оған "Рапунцель" деп ат та қояды. "Рапунцель" деген ертегiдегi қыздың есiмi. Оның бұрымы шын мәнiнде Риннiң шашынан айнымайды. Балалардың мазағынан әбден мезі болған Рин анасынан шаш­тараз­ға апаруын өтiнедi.

Лиэнн баласының шашын қидырар алдында ауру балаларға арнап ақша жинайтынын хабарлайды. Аз уақыттың iшiнде 82 фунт стерлинг жиналып, оны ол науқас балаларға тапсырды. "Ұлымның шетiнен қиы­лып жатқан шашын көргенде... жүре­гiм ауырды", -   дейдi Лиэнн Смит.

Айтпақшы, Риннiң 2 жасар Риган атты iнiсi бар. Ұлдарының шашын өсiрiп үйренген Лиэнн Риганның шашын да ары қарай өсiре беруi мүмкiн.