5 желтоқсан күні еліміздің бірқатар аймағында бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі - Қазгидромет

Мәселен, Ақтөбе облысында ауаның температурасы +2+4 градус жылылықты көрсетеді, жауын-шашын күтілмейді, кей уақыттары тұман түсіп, көктайғақ болады.
Атырау облысында 10 градус жылы болады, 18 м/с жылдамдықпен жел соғып, көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын күтілмейді.
Маңғыстау облысында +12+14 градус, жаңбыр жауады, таңертең тұманның түсуі күтіледі.
Батыс Қазақстан облысында ауаның температурасы +4+6 градусқа дейін көтеріледі, күн бұлтты, аздаған жаңбыр жауады.
Қостанай облысында 0+2 градус жылы болады, көшпелі бұл жүреді, жауын-шашын болмайды.
Солтүстік Қазақстан облысында ауаның температурасы минус -1-3 градусты көрсетеді, жауын-шашын болмайды.
Ақмола облысында -3-5 градус суық болады, жауын-шашын түспейді, жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады, екпінді жел соғады.
Павлодар облысында -8-10 градус суық болады, түнде желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді, қар жауып, бұрқасындатады, көктайғақ болады.
Қарағанды облысында -2-4 градус нөлден төмен болады, түнде қар жауады.
Шығыс Қазақстан облысында -2-4 градус суық болады, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, күн бұлтты, қар жауып, бұрқасындатады.
Алматы облысында -4-6 градус жылы, көшпелі бұл жүреді, жауын-шашын болмайды.
Жамбыл облысында +9+11 градус, жауын-шашынсыз.
Оңтүстік Қазақстан облысында +13+15 градус жылы, жауын-шашынсыз.
Қызылорда облысында +5+7 градус нөлден жоғары, тұман түседі.
Алматы қаласында +5+7 градус жылы болады, ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман түседі.
Қазақстан елордасы Астана қаласында ертең күндіз -2-4 градус аяз болады, түнде жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді, көшпелі бұл жүреді. Түнде қар жауады, жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады.