5 желтоқсанда елімізде өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы

АСТАНА. KAZINFORM — Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі ертең (5 желтоқсан) Қазақстанда өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады.

анонс Казинформа
Фото: Kazinform

09:00-де XII Халықаралық «Антиконтрафакт» форумы басталады.

10:00-де ҚР Парламенті Сенатының отырысы өтеді.

10:00-де Тауарлардың таңбалануын және қадағалануын жеделдетіп енгізу бастамасына байланысты онлайн бспасөз мәслихаты өтеді.

11:00-де ҚР Ұлттық музейінде Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің 85 жылдығы аясында «Сыр елі – түркі өркениетінің бесігі» тақырыбында облыстық музей қорынан құнды экспонаттар көрмесінің ресми ашылуы өтеді.

11:00-де ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты брифинг өткізеді. Онда жыл қорытындыларына арналған социологиялық зерттеу нәтижелері, ҚР Президентіне және басқа мемлекеттік институттарға деген сенім деңгейі, 2024 жылы Қазақстанды дамыту стратегиясын қолдау және қазақстандық қоғамның құндылықтық бағдарлары таныстырылады.

11:00-да ҚР ПӘ Президенттік орталығында ҚР Тәуелсіздік күніне арналған дәстүрлі жыл сайынғы шежіре фестивалі «Менің отбасымның тарихы – Отанымның тарихы» өтеді.

11:30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.

Соңғы жаңалықтар