5 жылда 120 мыңнан астам мұғалім біліктілікті артырудың жаңа бағдарламасымен қамтылуы тиіс

АСТАНА. 5 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы Назарбаев Университетінде «Қазақстан білім қоғамы жолында» тақырыбында интерактивті дәріс оқу барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке жақын бесжылдықта 120 мыңнан астам мұғалімді қайта даярлаудан өткізуді тапсырды.   

5 жылда 120 мыңнан астам мұғалім біліктілікті артырудың жаңа бағдарламасымен қамтылуы тиіс

Сөз арасында Мемлекет басшысы мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру және ұстаздарды материалдық ынталандыру мәселесіне баса назар аударған болатын. «Біз педагогтарды қайта даярлаудың жаңа, үшдеңгейлі жүйесін енгіздік. Бұл ең озық педагог-практиктердің тәжірибесі негізінде әірленген болатын. Осы ретте Үкіметке таяудағы бесжылдықта  120 мыңнан астам мұғалімді кәсіби біліктілікті арттырудың жаңа бағдарламасымен оқытып шығуды жүктеймін», - деді Н. Назарбаев.

Сонымен қатар, Президент дербес мектептерді дамыту мәселесіне де көңіл бөлу қажеттігін ескертті.