5 жылда Қазақстан өзінің ішкі нарығын құрылыс материалдармен толықтай қамтамасыз етеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 5 жылда Қазақстан өзінің ішкі нарығын құрылыс материалдармен толықтай қамтамасыз етеді.

5 жылда Қазақстан өзінің ішкі нарығын құрылыс материалдармен толықтай қамтамасыз етеді

Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау мәлім етті.

«Біз бірқатар құрылыс материалдары бойынша өзімізді 100 пайыз қамтамасыз етіп отырмыз. Үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламаның келесі бесжылдығында біз ішкі нарығымызды цементпен, арматурамен, кафельмен толығымен қамтамасыз етпекпіз», - деді ол.