5 жылда қазақстандық темір жол өнімі 12 есеге өсті - ҚТЖ

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚТЖ» ҰК» АҚ ҚР Президентінің «Қазақстандағы Индустрияландыру көшбасшысы» сыйлығын екі мәрте иеленді және алдына 2019 жылы машина жасау өнімдерін 2012 жылмен салыстырғанда 2,3 есеге ұлғайтуға қол жеткізу мақсатын қойды. Бұл туралы «ҚТЖ» ҰК» АҚ сайтында хабарланады.
None
None

2009 жылы компания аралас салаларды экономикалық дамытуға серпін беретін сатып алуларда қазақстандық қамту үлесін ұлғайту бағдарламасы қабылдады.

«Аталмыш бағдарламаны іске асыру нәтижесінде отандық темір жол өнімдерін шығару 2009 жылмен салыстырғанда 12 есеге ұлғайып, 16,6 млрд. теңгеден 206 млрд. теңгеге дейін өсті. Отандық темір жол өнімдері ассортименті 2185-тен 5005 түрге көбейді», - деп хабарлады «ҚТЖ» ҰК» АҚ жаңа және импорт алмастыратын өндірісті дамыту орталығының басшысы Ақболат Жағыпаров.

Компания жылжымалы құрам, металлургия өнімдерін шығарудың ірі жобаларын қолдады. Өз тепловоз, электровоз, жүк және жолаушылар вагоны, рельс, ірі вагон құймасы және т.б. шығаруды игерді.

Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасына «Темір жол техникасын өндіру» жеке бөлімі енгізілді.

Индустрияландыру бағдарламасы аясында екінші бесжылдықта тек отандық кәсіпорындар ғана емес, сонымен бірге өз тауарлары мен қызметтерін Қазақстанда шығаратын шетелдік компанияларға қолдау көрсетілетін болады.

Компания кәсіпорындардың тиімділігін арттыруға бағытталған темір жол машина жасау саласын дамытудың корпоротивтік бағдарламасын әзірледі.

Бағдарламаны іске асыру 2019 жылы машина жасау өнімдерін шығару көлемін 2,3 есеге, барлық темір жол машина жасау кәсіпорындары бойынша еңбек өнімділігінің өсімін жылына бір адамға 42 млн. теңгеден 185 млн. теңгеге дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Темір жол өнімдері экспортын 2019 жылы 2012 жылмен салыстырғанда, 7,8 есеге арттыру мақсаты қойылды.

Соңғы жаңалықтар