20:33, 15 Наурыз 2016 | GMT +5
5 жылдық соғыста Сирия экономикасына $255 млрд шығын келтірілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 5 жылдық соғыста Сирия экономикасының шығыны $255 млрд құрады, деп хабарлады Би-би-си.

Бес жылдық соғыс ел экономикасына қыруар залал келтірді. Сириялық саяси зерттеулер орталығының есебінше, шығын шамамен $255 млрд құрады. Жұмыссыздық деңгейі 50% (2011 жылы 14% болған), тұрғындардың 70% кедейшілікте өмір сүруде. Олар отбасын асырай алмайды, сондай-ақ өмір үшін қажетті тауарларды сатып ала алмайды.