50 адам әуежай үшін болған ұрыста қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат -Ливия астанасының әуежайын бақылау үшін таласқан топтардың қарулы қақтығысынан бір апта ішінде барлығы 50-ге жуық адам қаза тауып, 120 адам жарақаттанды. Бұл туралы Ливия Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлады «ИТАР-ТАСС».

50 адам әуежай үшін болған ұрыста қаза тапты

Осыған дейін 18 шілдеде бітімге келгендердің жанжалы қайта өршіп, жексенбі күні әуежай жанындағы Каср бен-Ғашир ауданында атыс басталған. Әуежайға иелік ету үшін генерал Халиф Хафтарды қолдайтын "Зинтандық бригада" деп аталатын қарулы топ пен діншіл экстремистік топ таласып келеді.

Қарулы қақтығыс кесірінен ондағы ұшақтарға зақым келген. Сонымен қатар, бақылау-диспетчерлік пункті мен кіре беріс жол және өзге де сол маңдағы нысандар зардап шеккен.