«50 мың қандасымыз құжатсыз жүр» - баспасөзге шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі 8 тамыз, жұма күні жарық көрген республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған өзекті материалдарға шолуды ұсынады.

«50 мың қандасымыз құжатсыз жүр» - баспасөзге шолу

Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Павлодар облысына жұмыс сапары одан әрі жалғасты, деп хабарлайды «Егемен Қазақстан» газетi. Сапар барысында Елбасы Пав­лодар облысының жұрт­шы­лық өкілдерімен және кәсіпкерлерімен кездесті.

«Кездесу кезінде Мемлекет бас­­шысы Қазақстанның қуатты ин­дустриялық орталығы болып саналатынын айтып, облыстың бірқатар кәсіпорындарының жұмы­сымен танысқанын атап өтті. - Өңір өнеркәсіп және ауыл шаруа­шылығын қоса қамти отырып, барлық бағытта дамып келе­ді. Шағын және орта бизнесті қол­дауға басымдық берген жөн, мемлекет бұл салаға қажетті жағдай жасауда, соның ішінде жеңілдікпен несиелер берілуде, - деді Нұрсұлтан Назарбаев», - делiнген « Кәсіпорындар келешегі кемел » атты тақырыппен жарияланған мақалада.

Газеттiң жазуынша, Мемлекет басшысы өңірдегі өнімдердің едәуір бөлігі өзге облыстардан, сондай-ақ Ресейден әкелінетініне назар аударды. Соған орай Павлодар облысы бар мүмкіндіктерді ескере отырып, азық-түлікпен өзін өзі қамтамасыз ете алатынын атап айтты.

« Егемен Қазақстан » басылымы өзiнiң кезектi мақаласында Қазақстанда кәсіпкерлерді қолдау жаңа қарқынмен жалғасатындығын жазуда.

Газеттiң хабарлауынша, кеше осы мәселеге қатысты Орталық коммуникациялар қызметінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов баспасөз мәслихатын өткізді. Ол 6 тамызда Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында қаралған мәселелер жөнінде айта келіп, кәсіпкерлерді қолдау бағдарламасы жөнінде әңгімеледі.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үнемі кәсіпкерлікті дамытуға қамқорлық жасап, саладағы әр істің орындалуын өз бақылауында ұстап жүргені мәлім. Соның бірі, кәсіпкерлікті қолдаудың бірегей бағдарламасын әзірлеуді тапсырған болатын. «Елбасы тапсырған Кәсіпкерлікті қолдаудың бірегей бағдарламасы ағымдағы жылдың желтоқсан айына дейін қабылдануы керек. Сосын ол келесі жылдың басынан күшіне енеді деп ойлаймыз. Бұл бағытта жұмыс атқарылуда, Үкімет пен ұлттық палата арасында бірлескен жұмыс тобы да құрылған. Бұл бағдарлама бұған дейінгі істерімізді үйлестіретін болады. Жалпы, қазіргі күні елімізде кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған 8 бағдарлама бар. Міне, осы 8 бағдарламаның 8 операторы болса, 8 түрлі жүйемен қызмет ұсынады. Әрқайсысы әр бағытта болғандықтан, кәсіпкерлерге кейбір қиыншылықтар да туып отыр. Сондықтан да, бірегей бағдарлама солардың барлығын біреуге ғана біріктіреді. Сосын бұған жауапты оператор да бұрынғыдай әр саладағы 8 емес, тек біреу ғана болады. Тағы бір ерекшелік - Елбасы тапсырмасына сәйкес, бағдарлама ішіндегі қаржылай емес көмектердің барлығы келесі жылдың басынан бастап Ұлттық кәсіпкерлер палатасына берілетін болады», - деп келтiрiледi палата төрағасының сөзi « Уақыт талабы туындатқан қадам » атты материалда.

« Айқын » басылымының бүгiнгi жарияланымында « 50 мың қандасымыз құжатсыз жүр » атты мақала басылған.

Қазақстан Президенті Назарбаев «Соңғы уақытта сырттан елге көшіп келуші оралмандардың саны азайды. Бұған бөлетін мемлекеттің ақша сомасы да төмендеді, бірақ біз қаражатты бөлуге дайынбыз.

Сонымен қатар олар қазақ­стандық меморгандар көрсеткен жерлерге бет алуы тиіс. Тек сонда ғана жәрдем көрсетілуі тиіс. Сондықтан орал­мандарды қабылдау жұмысын қайта бастаңдар. Орал­мандарды жұмыс орны, жағдайы, орналасатын орындары бар жерлерге, солтүстікке, орталыққа, шығыс пен батысқа орналастыру керек» деді. Бұл туралы Елбасы сәрсенбі күні үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлім етті.

«Жергілікті қөші-қон басқармасының босағасында айлап-жылдап азаматтық ала алмай жүргендердің нақты саны жөнінде жүйелі ақпарат жоқ. Бейресми статис­тикалық мәліметтерге сүйенсек, әртүрлі себептермен азаматтық ала алмай жүрген оралмандардың саны 50 мыңнан асып жығылған. Кейін бұл деректі Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің ішкі және сыртқы көші-қон мәселелері тал­қыланған отырыстарының бірінде Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясы департаментінің бастығы Серік Сайынов та растады. «Қазақстанда 165 мыңға тарта шетелдік азаматтар тұрақты түрде тұрып жатыр. Олардың үштен бірі, яғни 50 мың­нан астамы - әлі азаматтық ала алмаған оралмандар» деп атап өткен-ді», - делiнген сараптама материалда.

Батыс пен Ресей арасындағы «санкциялар шайқасынан» Қазақстан ұтуы мүмкін, деп жазады «Айқын».

Кеше Президент жанындағы Орталық коммуникациялар орталығында журналистермен кездескен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов Ресейдің «Күнбатысқа» «жауап-санкцияла­рынан» еліміздің пайда табуды ойластырып жатқанын жария етті.

- Елбасы Қазақстанның ұстаны­мын айтты: біз бейбіт шешілуін, бай­салды диалогтың орнауын жақтаймыз. Бірақ соған дейін бірқатар мүмкіндік­тер біз үшін де пайда болуда. Молдавия, Поль­ша секілді азық-түлік, жеміс-көк­өністі дәстүрлі жеткізуші елдерге қарсы Ресейдің санкциялар енгізгенін көріп отырмыз. Әрине, оның орнына Ресей төл өндірісін дамытуға тырысатыны түсінікті. Дегенмен біз де қарап қал­май­мыз. Санкцияға іліккен салаларда біз отандық өндірісті өрістетуге тиіспіз. Бұл, әсіресе, ауыл шаруашылығында қолдан келетін дүние,- деді Абы­лай Мыр­захметов.

Толығырақ, «Санкция шайқасынан» Қазақстан ұтуы мүмкiн» атты мақалада.

Валюта айырбастау пунктерi теңге девальвациясы туралы алып-қашпа әңгiмеден пайда тауып отыр. «Россия 24» телеарнасына берген сұхбатында Ұлттық банктiң бұрынғы төраеасы Григорий Марченко осындай пiкiр бiлдiрдi. Бұл туралы «Экспресс К» хабарлап отыр.

«Ол валюта айырбастау пунктерiнiң иелерi мемлекеттiң қаржылық басшылығы қазақстандық теңгенiң бағамын «құлатқалы» жатыр деген дақпыртты таратып жiбергендерiне сенiмдi», - делiнген « Битва твердых валют » атты мақалада.