50 пайызын мемлекет өтеп отырған амбулаториялық науқастарды емдеуге арналған дәрілік құралдар тегін ұсынылатын болады

АСТАНА. 24 қараша. ҚазАқпарат - «50 пайызын мемлекет өтеп отырған амбулаториялық науқастарды емдеуге арналған дәрілік құралдардың бекітілген тізімі де келесі жылдан бастап пациенттерге тегін ұсынылатын болады», деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
None
None

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, бүгінгі таңда республикада пациенттер стационарлық деңгейде және аурулардың көптеген түрлері бойынша амбулаториялық деңгейде қымбат дәрілік құралдармен тегін қамтамасыз етіледі. Қазақстан - В және С гепатитімен ауыратындарды ақысыз еммен қамтамасыз ететін жалғыз ел. Ағымдағы жылдан бастап ақысыз дәрілік құралдармен сирек (орфанды) аурулармен ауыратын балалар қамтамасыз етілуде.

Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін және әділдігін қамтамасыз ету бойынша да тиісті іс-шаралар ұйымдастыруда. Қазіргі таңда дәрілік құралдар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың Бірыңғай дистрибуциялық жүйесі мемлекеттік қаражатты елеулі үнемдеуге мүмкіндік беріп отыр.

Сонымен қатар айта кететін мәселе: қазіргі таңда отандық препараттардың тұтынылу үлесі бірнеше есе артты. «Озық халықаралық тәжірибені қолдану, фармацевтикалық секторға институттандыру реформаларын жүргізу және халықаралық стандарттарды енгізу арқасында қазақстандықтардың денсаулығын жақсаруға бағытталған денсаулық сақтау жүйесінің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігі арта түседі. Дәрілік құралдар айналымы саласының қатысушыларын Ұлттық дәрі-дәрмек саясатының жобасын талқылауға кеңінен шақыру қазіргі қоғам талаптарына сай құжатты қалыптастыруға мүмкіндік береді. Оған қоса, аталған жоба Денсаулық сақтау министрлігінің веб-сайтына орналастырылып, қоғамның талқысына ұсынылатын болады», - делінген баспасөз мәліметтерінде.

Соңғы жаңалықтар