50 жастағы дәнекерлеуші жанар-жағармай буы қалдығының жарылысы салдарынан қаза тапты - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 18 тамыз. ҚазАқпарат - Жұма күні кешке Солтүстік Қазақстан облысының Рузаевка ауылында, бұрынғы «Пегас» көлікке жанармай құю стансысының аумағында дәнекерлеу жұмыстарын өткізу кезінде жанар-жағармай буы қалдығының жарылысы болып, өртке ұласты.

50 жастағы дәнекерлеуші жанар-жағармай буы қалдығының жарылысы салдарынан қаза тапты - ҚР ТЖМ

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт бір сағаттан кейін сөндірілді. Онымен күресте ҚР ТЖМ Солтүстік Қазақстан облыстық ТЖД-нің өрт сөндіру қызметіндегі жеке құрамының 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Оқиға орнында «Корель» ЖШС-нің 50 жастағы дәнекерлеушісінің мүрдесі анықталды.