50 жастағы Рудный тұрғыны алғаш рет жеке куәлігін алды
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат ‐ Қостанай облысының тумасы 50 жылдан кейін алғаш рет жеке басын куәландыратын құжат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық пробация қызметінің мамандары Рудный полиция басқармасымен бірлесіп, 1970 жылы туған ер адамға жеке құжаттарын рәсімдеуге көмектесті.
«Оның айтуынша, өмірлік қиын жағдайлардың салдарынан жеке құжатын алатын мүмкіндігі болмаған. Қазір бұл мәселе шешіліп, ол әлеуметтік және медициналық қызметтерді ала алады. Тұрғылықты жері бойынша құжаттандыру және тіркеу жұмыстары толық көлемде жүргізілді, нәтижесінде ол азамат көптен күткен жеке куәлігін алды», - деді Рудный қаласы пробация қызметінің бөлім бастығы Азамат Бекішев.
Жеке куәлігіне қолы жеткен рудныйлық пробация қызметі мен көші-қон полициясының қызметкерлеріне алғыс айтты.
Қазіргі уақытта пробация қызметі жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп оны жұмысқа орналастыру мәселелсін қарастырып жатыр.