50 жылдан кейін алғаш рет Майамиден Кубаға круиздік лайнер қатынай бастады
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ пен Кубаның қарым-қатынасы қалпына келуіне байланысты Майамиден Кубаға 50 жылдан кейін алғаш рет круиздік лайнер жолға шықты, деп хабарлады ВВС агенттігі.
Бортында 700 жолаушы бар «Адония» кемесі Майами кемежайынан жексенбінің кешінде аттанып, Гаванаға дүйсенбі күні жетуі тиіс.
«Адонияның» операторы, Carnival Corporation компаниясы болашақта Кубаға круиздерді ай сайын ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Рауль Кастро басқарған Куба үкіметі ел азаматтарына АҚШ-қа теңіз арқылы саяхаттау рұқсатын ресми түрде өткен аптада ғана берген болатын. Кеме жолаушыларының арасында аралдан бала кезінде кеткен адамдар да бар. Олар кубаға ондаған жыл өткен соң алғаш рет қайтып оралмақ.