50 жылдан кейін Финляндияда қар болмауы мүмкін

АСТАНА. 13 қаңтар. ҚазАқпарат - Финляндия тұрғындарының 50 жылдан кейін қысқы спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндіктері болмайды.

50 жылдан кейін Финляндияда қар болмауы мүмкін

Мұндай болжамды Финляндияның Гидрометеорологиялық орталығының басшысы Микко Алестало жасады.

Бұған климаттың өзгеруі әсер етеді.

Алестало 2060 жылға қарай Финляндияда аса жылы, жауын-шашынды болады деп отыр. «Біз қыста шаңғымен өте сирек жүретін боламыз», - деп мәлімдеді ол. Алайда Еуропаны, Ресей мен Американы аяз оқтын-оқтында буып тұрады деп санайды Алестало.