500 әскери қызметкер Астана көшелерімен жүгіріп өтті

АСТАНА. 28 сәуір. ҚазАқпарат -  ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің қызметшілері еліміздің Қарулы күштерінің құрылғанына 20 жыл толуына орай жаппай жүгіру шарасын ұйымдастырды.

500 әскери қызметкер Астана көшелерімен жүгіріп өтті

«Спорт пен әскери қызмет бір-бірінен ажырамас түсінік. Спорт рухты, күш-қуатты, ынтаны, жеңіске деген жігерді, нағыз көшбасшыларды тәрбиелейді.  Бұл әрбір сарбаздың бойында болуы тиіс. Қазақстан тарихи дәстүрлі спорт түрлерімен танымал. Өздеріңіз білетіндей, ат спорты түрлері, қазақша күрес қазіргі уақытта өз жемісін беруде. Тәуелсіздік алған күннен бері біздің елімізде мемлекеттің іргесін мығымдап, ата-бабасының дәстүрін жалғастыратын дені сау ұрпақ тәрбилеу міндеті тұрды», - деп атап өтті шараға қатысушылардың алдында сөз сөйлеген ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Сергей Громов.

Бұл ретте ол ҚР Президенті, ҚР Қарулы Күштерінің Бас қолбасшы Н.Назарбаев спортпен айналысып қана қоймай, оны насихаттау арқылы да барша қазақстандыққа үлгі көрсетіп отырғандығын баса айтты.

Оның атап өтуінше, ел азаматтарының 50 пайыздан астамына спортпен айналысуға мойындары жар бермесе, тек 15 пайызы ғана спорт түрлерімен белсенді айналысады.

Сонымен 500-ден астам әскери қызметші елорданың сол жағалауындағы Достық, Тұран, Тәуелсіздік, Түркістан көшелері бойымен жүгіріп, Қорғаныс министрлігінің ғимаратының жанына қайтып оралды.