500 келілік Египет тұрғынын емдеу үшін Үндістанға жеткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемдегі ең ауыр әйел болып саналатын, салмағы жарты тонналық Египет тұрғыны Эман Ахмед Аб Эль Ати емделу мақсатында Үндістанға барған. Бұл туралы Yahoo News хабарлайды. 

500 келілік Египет тұрғынын емдеу үшін Үндістанға жеткізді

Операциядан бұрын Эманды арнайы диетаға отырғызған. Ол алдағы 25 күн бойы тек сұйық тамақ ішеді. Нәтижесінде 50 келі салмақ тастайды деп күтілуде.

Бариатриялық отаның көмегімен тағы 150 килограмнан арылады деп болжануда. Одан кейін, үнді мамандары әйелді бес ай бойы физиотерапиядан өткізеді. Дәрігерлер емдеу шарасы аяқталғаннан кейін әйелдің өздігінен отырып, тамақтанатынынан үміттенуде.