500 метрлік биіктіктен сырғи құлаған шаңғышы аман қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 500 метрлік биіктіктен экстремалдық сырғанау американдық тау шаңғышы Ян Макинтоштың өмірін қия жаздады. Бір минутқа жуық уақыт созылған құлауына қарамастан, спортшы күрделі жарақаттанған жоқ.
Оқиға сәуір айында, шаңғышының «Жұмақ күтіп отыр» фильмін түсіріп жатқанда орын алған.