500 жәшік арақ-шарап өнімдерін шекарадан заңсыз өткізуге тырысқан ресейлік азамат ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық шекарашылар үлкен көлемдегі арақ-шарап өнімдерін заңсыз өткізбек болған азаматтың жолын кесті.

500 жәшік арақ-шарап өнімдерін шекарадан заңсыз өткізуге тырысқан ресейлік азамат ұсталды

«Ақтөбе шекара отрядына қарасты «Жайсаң авто» бақылау-өткізу бекетінің бақылаушылары жалпы көлемі 3000 литр болатын арақ-шарап өнімдерін заңсыз өткізуге тырысқан 25 жастағы Ресей азаматын ұстады. Тексере келгенде оның құжаттары дұрыс болмай шықты», деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен.

Көрші елдің азаматы Ресейге «MAN» көлігімен жол жүріп бара жатқан, ал көлік үстіне әрқайсысына 12 бөтелкеден салынған 500 жәшік еш құжатсыз тиелген.

Аталған оқиға туралы құқық қорғау органдары хабарландырылды, тергеу амалдары жүргізілуде.