5000 өнерпаз бала Алматы көшелерімен жүріп өтті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат Алматыда Республика алаңында 5000-ға жуық өнерпаз оқушы балалар музыкалық ұжымдары шеруінде сап түзеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

5000 өнерпаз бала Алматы көшелерімен жүріп өтті

null
Мұндай ауқымды мәдени шара қалада бірінші рет өткізіліп отыр. Шараға 8 ауданнан 120 мектеп  оқушылары қатысты.
null null 

«Салтанатты шараға дайындық 2 ай бойы жалғасты. Бірақ, дайындығымыз балалардың оқу біліміне кедергі келтірген жоқ. Қайта көңілді өтті», - деді жоба үйлестірушісі Евгений Махинов.

Жас өнерпаздар домбыра, барабан, дауылпаз, басқа да үрмелі аспаптарда ойнап, би биледі.
null null 

«Біздің мектебімізден 14 қыз қатыстық. Бір ай бойы дайындалдық. Дайындық өте қызықты өтті», - деді №308 мектептің оқушысы Аружан Сейдалы.

Айта кету керек, аталған шеруді өткізуге байланысты 30 мамырдан бастап қаладағы жол қозғалысында өзгерістер орын алды. Қазір Сәтпаев көшесінің Желтоқсан мен Фурманов көшелерінің арасындағы бөлігі әлі де жабық.
null null null null