51 - ші халықаралық математика олимпиадасы (IMO-2010) эстафетасының жалауы Алматыға келді

АЛМАТЫ. Қазанның 23-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін О. Жәутіков атындағы республикалық мамандандырылған физика-математика дарынды балалар орта мектеп-интернаты 51 - ші халықаралық математика олимпиадасы (IMO-2010) эстафетасының жалауын екі күнге қабылдап алды,

51 - ші халықаралық математика олимпиадасы (IMO-2010) эстафетасының жалауы Алматыға келді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Германиядан IMO жалауы алдымен "Бөбек" мектебіне келіп, қазіргі уақытта аталмыш мектеп-интернатында сақтаулы. Екі күннен кейін эстафета жалауын Жамбыл қаласы мектептері қабылдап алады.

51-ші халықаралық математика олимпиадасы 2010 жылы шілденің 6-сы мен 15-і аралығында Астана қаласында өтеді. Оған 110 елден 300-ден астам команда, 600-ге жуық жас математик қатысады.

Халықаралық олимпиаданың Президенті (IMO) профессор Й. Пеликан  2005 жылы І Халықаралық Жәутіков олимпиадасының құрметті қонағы болған, келесі жылғы ІІ  Халықаралық Жәутіков олимпиадасына  Й. Пеликанмен бірге Халықаралық олимпиаданың хатшысы Джон Вебб (ОАР) шақырылған.