51 жастағы әйел жалға алған пәтерлерін сатып отырған
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жалға алған пәтерлерін сатып отырған алаяқ әйел ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, күдікті әйел өзінің жымысқы әрекеттерін Түрксіб ауданында жүзеге асырып келген. Бұл ауданды осындай әдіспен 3 пәтер сатылған.
«Ол ауданы кең пәтерлерді ұзақ мерзімге жалға алған. Кейін өзі клиент тауып, оны сатуға тырысқан. Ол клиенттерін пәтер банкте кепілдікте жатыр деп алдап, 3-4 млн теңге алдын ала ақы төлеуді талап еткен. Қазір оның басқа да аудандардағы қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. Бұрын бұл әйел осы тектес қылмыс жасағаны үшін істі болған», - деді Түрксіб аудандық Полиция басқармасының бөлім басшысы Нұрлан Ысқақов.
Тергеу амалдары жалғасып жатыр.