51 «желтоқсаншы» астананың қоғамдық көліктерінде тегін жүру құқығына ие болады

АСТАНА. ҚазАқпарат – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан 51 астаналық қаладағы маршруттық автобустарда тегін жүрретін болды. Астана қаласы мәслихатының кезекті отырысында осындай шешім қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Комиссияның қарауына мынадай құқықтық-нормативтік актілер ұсынылып отыр: бірінші –азаматтардің жекелеген санатына қаладағы маршруттық автобустардың жол ақысынан босату түріндегі әлеуметтік көмек көрсету тәртібі туралы. Бұл санатқа біз 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысқандарды қосамыз. Ол өзгеріс 51 адамды қамтиды және бюджетке соншалықты әсер етпейді. Қолдауларыңызды сұраймын», - деді Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб.

Мәслихат депутаттары ұсынылған шешімді бірауыздан қолдап дауыс берді.


Соңғы жаңалықтар