20:37, 08 Наурыз 2013 | GMT +5
52 жастағы әйел Краснояр-Мәскеу бағытындағы ұшақ бортында қайтыс болды
АСТАНА. 8 наурыз. ҚазАқпарат - Красноярдан «Домодедоваға» рейс жасаған «Боинг-737-800» әуе кемесінің командирі 52 жастағы науқас әйелдің жағдайы күрт нашарлағанына байланысты Нижневартовскінің әуежайына қонуға шешім қабылдады.

Алайда бірнеше минуттан кейін дәрігер әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетілгеніне қарамастан оның қайтыс болғанын хабарлады,
Дәрігер мен әйелдің жанында болған адам ұшақтың бағыт бойынша ұшуына рұқсат берді.
Нәтижесінде ұшақ шамамен таңғы сағат 6.00-де «Домодедовоға» қонды. Ұшақтың бортында 160-қа жуық жолаушы болды, деп хабарлады rosbalt.ru.