522,8 млн. теңге сомасындағы бюджет қаражатын талан-таражға салу фактісі бойынша ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің лауазымды тұлғалары айыпталуда

АСТАНА. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Жолдыбаев/ - Мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру кезінде лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану және 522,8 млн. теңге сомасындағы бюджет қаражатын талан-таражға салу фактісі бойынша ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің лауазымды тұлғаларына және «Меркурий Плюс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарсы қылмыстық істі тергеу жүріп жатыр.
None
None
Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Сот Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі А.Бірәлиевті қамауға алу туралы санкция шығарды. Қылмыстық істің екінші айыпталушысы вице-министр З. Сәрсембаевқа қатысты сот оның берген мәліметтерін ескере отырып, сондай-ақ денсаулығына байланысты оны үйқамаққа алу жөнінде шешім жасады. Бюджет қаражатын талан-таражға салған тағы екі күдікті ? Қоршаған ортаны қорғау ведомствосының департамент басшысы Т.Савицкая мен «Меркурий плюс» компаниясының иесі В.Лайс жауапкершіліктен қашып, бой тасалауда. Сот оларға аталмыш баптар бойынша сырттай айып тағып отыр.
Соңғы жаңалықтар