5,3 млрд салық төленбеген: Алматы облысында жалған шот-фактура жазған 7 ұйым әшкереленді

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті өткен жылдың нәтижелерімен бөлісті.

5,3 млрд салық төленбеген: Алматы облысында жалған шот-фактура жазған 7 ұйым әшкереленді
Фото: freepik.com

Департамент басшысының орынбасары Әсет Жаманбаевтың айтуынша, өңірде жалған шот-фактура берген 7 ұйым әшкереленген. Олардың әрекеті салдарынан мемлекетке 5,3 млрд теңге салық түспеген.

- Біз күш-жігерімізді көлеңкелі экономикаға қаражат шығарумен айналысатын субъектілермен күресуге бағыттадық. Бұл ретте адал бизнесті қылмыстық қудалауға жол бермеуге ерекше назар аударылады. Департаменттің міндеті – экономиканы жалған ақша жасаушылар, контрабандашылар және контрафактілік өнім өндірушілер сияқты заңсыз схемалардан тазарту, - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысының кәсіпкерлерімен ұсынылып отырған салық реформалары талқыланғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар