54 жасында турникке 4321 рет тартылып, әлемдік рекорд орнатты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық Марк Джордан тәулік бойы турникке тартылудан әлемдік рекорд орнатты.
24 сағаттың ішінде 54 жастағы Джордан 4321 рет тартылды, бұл ең жоғары көрсеткіш. Бұдан бұрынғы қараша айында рекордшы 4210 рет тартылған болатын, деп хабарлайды Интерфакс.